Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Герц Ха-Леви Фото: Израиль қорғаныс күштері
Израиль қорғаныс күштерінің бас штабының басшысы Герц Ха-Леви Израиль әскері Газа қаласында шабуыл жасап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы bugin.kz тілшісі The Times of Israel-ға сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз соғыстың маңызды кезеңіне аяқ бастық. Әскери күштер Газаның солтүстігінде орналасып, қаланы қоршады. Құрлық шабуылын кеңейтіп, әскерилер алға жылжып жатыр",- деді ол.
Оның айтуынша, әскерилер нақты барлау мәліметтерін алғаннан кейін шабуылға өткен. Израиль әуе және теңіз күштері де Газаға соққы беріп жатыр. Ха-Левидің айтуынша, жердегі операция басталғаннан бері Газа секторында 18 израильдік сарбаз қаза тапқан.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху өз кезегінде Израиль күштерінің Газа қаласының шетінен орталық жаққа жақындағанын айтты.
"Израиль әскері жақсы нәтижелерге жетіп жатыр. Біз алға жылжудамыз", - деді ол.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, Израиль әскерлері мен танктері 2 қарашада Газа қаласына аттанғанымен, ХАМАС жауынгерлерінің қарсылығына тап болған. Олар Израиль әскеріне минометтерден оқ жаудырған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61