Bugin

Елімізде 15 градусқа дейін аяз болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Синоптиктер Қазақстанда 4-6 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағы арқылы терең атлантикалық циклон өтеді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығы мен шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын, көктайғақ, желдің күшеюі болуы мүмкін. 4 қарашада күндіз батыстан циклонның артына антициклон жылжиды. Нәтижесінде, жауын-шашын біртіндеп тоқтап, температура төмендейді.

"Ауа температурасы түнде республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында 3-15 градус аязға дейін, күндіз 3 градус аяздан 8 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде температура 2 градусқа дейін төмендейді.  5 градус аяз, таулы аймақтарда 5-10 градус аяз, күндіз 5-15 градус жылы, түнде және таңертең Қазақстанның барлық аумағында тұман күтіледі", - делінген хабарламада.