Bugin

Ердоған Тоқаевқа электромобиль сыйлады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа түрік TOGG электромобильінің кілті табыс етілді, - деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әуежайында Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы саммитіне қатысқан Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен жылы қоштасты.

"Режеп Тайып Ердоған құрмет белгісі ретінде Мемлекет басшысына Түркияда жасалған TOGG электромобильін сыйға тартты. Түркия басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа электромобильді өзі көрсетті", - делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті әріптесін электромобильдер өндірісінің сәтті іске қосылғанымен алғысын білдіріп, құттықтағаны айтылды.