Bugin
Фото: pexels.com
Қазақстандық БАҚ-та Болат Назарбаевтың жүрек талмасымен ауруханаға түскені туралы мәлімет тарап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
365info.kz порталының жазуынша, алдын ала қойылған диагноз - қайталанған миокард инфаркті.
Қазақстанның экс-президентінің інісі 3 қараша күні кешке Алматының Орталық клиникалық ауруханасына ауыр халде жатқызылды. Басылымның мәліметінше, оның жағдайы тұрақты және ауыр деп бағаланып, бүйрек жеткіліксіздігі көрсеткіштерінің нашарлауы да байқалған.
Бұл оқиғаға қатысты аурухана әкімшілігі демалыс күндері екенін және “мамандардың сенбіде демалатынын” айтып, журналистердің сұрақтарына жауап беруден бас тартты.