Bugin

Семейде 15 жастағы қыз жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: inform.kz

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жастағы қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап. 

Валерия Ефанова 2 қараша таңғы сағат 08:30 шамасында колледжге оқуға кетіп, әлі күнге дейін қайтып оралмаған.

Үстінде ақ түсті күрте, ақ түсті аяқ киімі және ақшыл түсті сөмкесі бар.

Жасөспірімнің белгілері: дене бітімі арық, көздері жасыл. Шашы ақшыл, иығына дейін жетеді. 

Кәмелетке толмаған баланы көрген-білгендер болса, мына телефондарға хабарласқаны жөн: +7 (707-95) 1-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61