Bugin

Ақмола облысында жоғалған студент қыздың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com/

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студент қыз бір тәуліктен кейін астанадан табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бойжеткенді облыс орталығы аумағынан бөлек, Астана қаласынан да іздеді.

"Тура бір тәуліктен кейін тәртіп сақшылары жоғалған студентті Астана қаласынан тауып, туысқандарына тапсырды", - деді ведомстводан.

Сонымен бірге осыдан он күн бұрын, яғни қазанның 24-інде үйінен кетіп қалған 14 жастағы оқушы да астанадан табылды. Ол Қосшы қаласындағы мектептердің бірінде оқиды.

Қыз бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген.

Бұл жолы ата-анасы 9 күн өткен соң барып полициядан көмек сұраған.

Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларына бақылауды күшейтуді және жоғалған кезде дереу полицияға хабарлауды сұрайды.