Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Алау" порталына сілтеме жасап.
21 қазанда Қостанай қаласының тұрғыны солтүстік полиция бөліміне алаяқтық фактісі туралы шағымданған. Ол 21 қазанда ет сатып алу мақсатында WhatsApp әлеуметтік желісіндегі топқа жазған.
"WhatsApp тобындағы әкімші әзірге тартылған ет жоқ деп жауап берген. Кейінірек жәбірленушіге тартылған етті топта ұсынылған бағадан да арзан сатып алуға болатыны туралы бейтаныс нөмірден хабарлама түскен. Қыз көрсетілген нөмірге 13 мың теңге жіберген. Алайда ет те, ақша да сол күйі жоқ болған", - дейді ведомство.
Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция облыс тұрғындарына күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61