Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды. Бірнеше адам қаза тауып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
4 қарашада сағат 11:20 шамасында "Өскемен-Рахман қайнарлары" автожолында, 110 шақырымда - "Тойота Камри" және "Митсубиси" маркалы автокөліктері соқтығысып, жол апаты болған. Салдарынан үш жолаушы сол жерде қайтыс болды. Тағы үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді.
"Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4 - бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр", - дейді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61