Bugin

Әуежайға қарулы адам кіріп кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Германияның Гамбург қаласында мемлекеттік нөмірі жоқ Audi көлігімен ер адам әуежайдың терминалын соғып өткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көлік шлагбаумды бұзып, ұшақтарға қарай бет алған. Содан кейін жүргізуші аспанға бірнеше рет оқ жаудырып, Молотов коктейлін лақтырды.

Ол көлікте төрт жасар баланы кепілде ұстап отыр. Осыдан сәл уақыт бұрын оның әйелі полицияға хабарласып, ер адам баласымен әуежайға қарай келе жатқанын мәлімдеген. Оның бұл әрекетінің себептері жайлы ақпарат жоқ.

Гамбургте әуе қозғалысы толығымен тоқтатылды, терминалдарға кіруге тыйым салынды. Оқиға орнында көптеген полиция қызметкері бар.