Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: Динара Насыр, zhaikpress.kz
Батыс Қазақстан облысында із-түзсіз жоғалған ер адамның денесі өзен жағасынан табылды. Тергеуді қосалқы полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Бұл туралы bugin.kz тілшісі "Мой город" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 4 қараша күні сағат 15:10-да Жайық өзенінің жағасынан Январцево ауылының 56 жастағы тұрғынының мәйіті табылды. Бұған дейін ер адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Тергеуді қосалқы полиция бөлімі жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында Петропавлда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылған. 43 жастағы қала тұрғыны шілде айының соңында жоғалып кетіп, оның сүйегі қаладан 10 шақырым жерден табылды. Марқұмның үйден шығып кетіп, оралмағаны туралы арыз қалалық ішкі істер басқармасының бірінші бөліміне шілденің 31-і күні түскен. Полицейлер, жергілікті тұрғындар мен еріктілер жоғалған азаматты ұзақ іздегенімен, нәтиже болмаған.