Bugin
Фото: Adem ALTAN / AFP
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған енді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сөйлесуден бас тартатынын айтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Al-Arabiya телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біз енді Нетаньяхумен сөйлесе алмаймыз. Біз оны ұмыттық", - деп келтіреді Ердоғанның сөзін Al-Arabiya телеарнасы.
Оның айтуынша, Израиль соғысты тоқтатпаса және "соғыс қылмыстары мен адам құқықтарын бұзу" үшін жауап бермесе, Түркия жаһандық жүйеге сенбейді.
Ердоған бұдан бұрын Израильді Газаға шабуылды тоқтатып, "жындылық күйінен шығуға" шақырған болатын.
Осы сөздерге қарамастан Түркия Израильмен қарым-қатынасын толығымен үзгісі келмейді.