Bugin
Фото: mixyfotos.ru
Ақтөбеде әйел адам 11-шағын аудандағы "Ақтөбе ажары" тұрғын үй кешенінің 25-қабатынан секірмек болған. Бұл туралы bugin.kz тілшісі қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшыларына қоңырау 3 қарашада түскі уақытта түскен.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жақындарының қазасы мен отбасымен келіспеушілік салдарынан балконнан секірмек болған 32 жастағы азаматшаны тапты. Дер кезінде жеткен тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның алдын алды. Әйелді медицина қызметкерлеріне тапсырды.