Bugin

Қазақстандық теннисші Америкада жеңіске жетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сурет: ktf.kz

Әлемдік рейтингте 247-ші орында тұрған қазақстандық Бейбіт Жуаев Шарлоттсвиллде (АҚШ) өткен Челленджер финалында америкалық Айдан Мэйоны (No376) ұтты. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұқаев екі сетте 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. Оның барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасады.

Осылайша, 23 жастағы Жұқаев мансабындағы алғашқы Челленджерде жеңіске жетті. АҚШ турнирінде жеңіске жеткені үшін ол 75 рейтингтік ұпай мен 10 840 доллар сыйақы алады.

Сонымен қатар қазақстандық теннисші жаңартылған ATP рейтингінде 247-орыннан 193-орынға көтеріліп, мансабында алғаш рет 200-дікке еніп, Қазақстанның екінші ракеткасы атанбақ.