Bugin
Фото: Adam88xx/Getty Images
Ұлытау облысындағы 5 қарашада "Шығыс Жезқазған" кенішінде 39 жастағы жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы bugin.kz тілшісі компанияның ресми мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Шығыс Жезқазған" кенішінің №57 шахтасында жазатайым оқиға болды. 1984 жылғы тау-кен шебері жұмыс істеп жатқанда жарақат алып, көз жұмды. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр", - деп жазылған "Қазақмыс" таратқан хабарламада.