Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Иллюстративное фото ©Турар Казангапов. tengrinews.kz

Алматы облысында полицей өзіне қол жұмсады. Бұл туралы Bugin.kz порталы Облыстық полиция департаментіне сілтеме беріп хабарлайды.  

Қазір суицид фактісі бойынша жан-жақты тергеу басталды. Балқаш аудандық полициясына аурухана фельдшері жағдаятты хабарлаған. Аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полицейдің өз-өзіне қол жұмсаған.  Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі («Өзін-өзі өлтіруге итермелеу») бойынша бірден тіркелді.

"Қайтыс болған азаматтың отбасылық қарым-қатынасында жеке проблемалары болған. Ол да қылмыстық істі тергеу аясында тексеріледі. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері толық, жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету үшін сараптама тағайындаумен жүргізілуде. Істің мән-жайы анықталуда", - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті баспасөз қызметі.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61