ДЕНСАУЛЫҚ

99 жастағы қария ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Кэти Олсен, Business Insider

Америкалық Ричард Мираллес 2023 жылдың басында 99 жасын атап өтті. Екінші дүниежүзілік соғыстан аман қалған қария ұзақ өмір сүруіне көмектескен құпияларды бөлісті. Бұл туралы Bugin.kz порталы MenToday басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сізге қуаныш сыйлайтын нәрсені табыңыз

Ричард Мираллес өзінің ұзақ өмір сүруінің бір факторы бақытты балалық шағы екенін ерекше атап өтті. Ол ешқашан проблемаларға назар аудармаған. Өмірге оң көзқараспен қарауға тырысқан.

Мақсат қойыңыз

Ол 1941 жылы Перл-Харборды бомбалаудан кейін Әскери-теңіз флотына қабылдану арқылы өмірдегі мақсатын тапқанын айтады. Қарулы күштердегі қызмет оның бойына тәртіп орнатқан.

Реалист болыңыз

Егер оптимист өзін қоршаған әлемді қызғылт түсті көзілдірік арқылы, ал пессимист қара көзілдірік арқылы көрсе, реалист шындықты объективті түрде көреді. Әр адам өзінің басым жақтарын бағалап, әрекет жоспарын құрып, мақсатына жетуі керек.

Бүгінгі күнмен өмір сүріңіз

Ричард Мираллес дәл қазіргі сәтте өмірден ләззат алуға кеңес береді. Өткенге өкініп немесе болашаққа алаңдасаңыз, артық стресске тап боласыз. Ал орынсыз стресс, жүйкеге қысым көптеген ауруға сеп болады.

Дұрыс тамақтаныңыз

50 жасында америкалыққа қант диабеті диагнозы қойылған. Ричардты бұл диагнозы таңғалдырған. Өйткені ол әрқашан жаттығу жасап, дұрыс тамақтануға әуес болған. Осыдан кейін ол диетадан қант мөлшері жоғары және зиянды тағамдарды алып тастағанын айтады.