Bugin

"АрселорМиттал Теміртауды" сатып алатын инвестор табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

instagram.com/karaganda.city

Қазақстан үкіметі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясын сатып алатын инвестор тапты. Бұл туралы  журналистермен кездесу барысында вице-премьер Роман Скляр айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Халық дауысына» сілтеме жасап.

Журналистер сату және сатып алу туралы мәміле неге құпия екенін сұраған. Склярдың айтуынша, қазір қазақстандық инвестор табылып, ол Миттал компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр.

"Қазір біз компанияны атай алмаймыз, бірақ кәсіпорынды нарықтық бағамен сатып алатын отандық инвестор болады", - деді Скляр.

Скляр болашақ инвестор өндірісті дамытуға инвестиция салу және жұмыс орындарын сақтау жөніндегі міндеттемелерді орындауы керектігін баса айтты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің оған қоятын басты талабы да осы.

"Біріншіден, біз оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салатынына көз жеткіземіз", - деп қосты Скляр.