Bugin

7 жасар зорланған баланың сараптама қорытындысы шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Freepik

Алматы полициясы Алматыдағы жекеменшік мектепте жеті жасар баланы зорлады деген іс бойынша жүргізілген сот-медициналық комиссия мен геномдық ДНҚ сараптамасының қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұған дейін оның анасы әлеуметтік желіде 1-сынып оқушысының зорлануы мүмкін екенін айтқан еді.

"Сот-медициналық комиссия сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша, баланың денесінен сыртқы және ішкі жарақаттар табылмады. Қазір қосымша сараптама тағайындалды. Сондай-ақ геномдық ДНҚ сараптамасы жүргізілді, ол анықталмады", - деп хабарлады.

Сонымен қатар Алматы полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі ("Зорлау") бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.

"Алайда қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, атап айтқанда, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру туралы мәліметтер жария етілмейді", - деп толықтырды Алматы полициясы.