Bugin

"Ирина Кайратовнаның" мобилографы неден қайтыс болғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видео скриншот

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 21 жастағы мобилографтың өлімінің алдын ала себебі сот-медициналық сараптаманың нәтижелерімен расталғанын хабарлады, деп жазады Bugin.kz порталы. 

"Өлімнің алдын ала себебі - асқынған геморрагиялық панкреонекроз токсикологиялық зерттеу нәтижелерімен расталды", - деп хабарлады Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы Tengrinews.kz ресми сауалына жауап бере отырып.

Геморрагиялық панкреонекроздың асқынған түрі — ұйқы безінің ауыр әрі өлімге әкелетін  ауру түрі. Ұйқы безі ферменттер мен инсулин шығару арқылы ас қорытуда маңызды рөл атқарады және оның қабынуы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.

"Ирина Қайратовна" тобының мобилографы 14 қазанда Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болғанын еске саламыз.