Bugin

"Әміре" көркем фильмін енді YouTube-те көруге болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: DAR компаниялар тобының баспасөз қызметі

Әміре Қашаубаев туралы түсірілген "Әміре" көркем фильмі YouTube платформасында көпшіліктің назарына ұсынылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Көркем фильмнің жаһандық ресурста жариялануы - әрбірімізге қазақ даласының ұлы таланттарымен, олардың өмірімен жақынырақ танысуға жол ашады. Әміре Қашаубаев – тарихымыздағы айтулы тұлғалардың бірі және бүгінгі ұрпақ осындай біртуар азаматтарынбілуі керек. Себебі өткенсіз болашақ жоқ. "Әміре" сынды фильмдер жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, мәдениетін мақтан тұтып, ол туралы оқып-білуге деген ынтасын арта түсіреді. Бүгінгі әлемдік деңгейдегі  Қазақстанның жарқын жұлдыздары осы ата-бабаларының салған жолын абыроймен жалғастыруда", – деп түсіндірді фильмнің бас продюсері, DAR компаниялар тобының негізін қалаушы Алидар Өтемұратов.

Күні бүгінге дейін "Әміре" фильмі Ричмонд халықаралық кино және музыка фестивалінде "Үздік баяндау фильмі" және "Үздік ер адам рөлі" номинациясында екі бірдей марапатты жеңіп алды. Басты рөлді отандық актер Санжар Мәди сомдағанын еске саламыз. Сонымен қатар Голливуд кинофестивалінде де фильм бірінші орынға қол жеткізіп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды.