Bugin

Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы өмірден өтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Зинаида Жукова. Фото: instagram.com/museumkunaev

Дінмұхамед Қонаевтың жеке хатшысы Зинаида Жукова қайтыс болды. Бұл туралы Дінмұхамед Қонаев мұражайының парақшасында жарияланды,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Зинаида Жукова Қонаевпен 23 жыл жұмыс істеген. Ол 100 жылға жуық өмір сүрді.

"Д.А.Қонаев мұражайының ұжымы Димаш Ахмедұлы Қонаевтың жеке хатшысы болып жұмыс істеген Зинаида Петровна Жукованың жүзінші жылының 4 қарашасында (26.03.1924 - 4.11.2023) қайтыс болғанын өкінішпен хабарлайды. Ол  1963 жылдан бастап 1986 жылға дейін қызмет еткен. Зинаида Петровнаның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз!", деп хабарлады Қонаев мұражайының Instagram парақшасында.