Bugin

Алматы облысында ер адам ұл баланы зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматы облысында ер адам ұл баланы зорлаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға 2 қарашада Алматы облысы Қарасай ауданының полиция басқармасына Қошмамбет ауылының 43 жастағы жергілікті тұрғыны арызданған.

"Әйел таңғы сағат 7:00 шамасында өзінің ұлына белгісіз ер адамның тарапынан сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер жасалғаны туралы хабарлаған. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді", – деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Полицияның жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1963 жылғы күдікті үсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу органдары сараптамаларды тағайындалып, істі тергеп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61