Bugin

Абай облысында сіріңкемен ойнаған балалар қиын жағдайға тап келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Абай облысы Ақсуат ауданында сіріңкемен ойнаған балалар 82 тонна пішенді өртеп жіберген, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Ақсуат ауданы тұрғындарының бірінің үйінде болды. Полицейлер пішенді екі бала өртеп жібергенін анықтады.

"Жергілікті мектеп оқушылары сіріңкемен ойнап отырып, кездейсоқ мал азығын өртеп жіберген. Осының салдарынан шығын көлемі 4 млн теңгені құрап отыр. Енді балалар келтірген материалдық залалды олардың заңды өкілдері төлеп беруі керек", - деп хабарлады Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

"Егер балалар қараусыз қалғандықтан өрт шығып, біреуге зиян келтірілген болса, онда ата-аналар заңда белгіленген тәртіппен жауапқа тартылады", - деп ескертті тәртіп сақшылары.