Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pixabay.com
Ақтөбеде полицейлер көлік ұрлаушыны ұстады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, тұтқындалған азамат көліктің терезелерін сындырып, есік ашып алған немесе құлпы ашылған көліктерді де тапқан. Осылайша ол екі күнде бес көлікті тонап үлгерген.
"Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 35 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ұсталған азамат үш ай бұрын ғана бостандыққа шыққан", - дейді полицейлер.
Күдікті өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61