Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pixabay.com
Ескелді ауданы, Биғаш ауылындағы тас жолда 2 қарашада жол апаты болды. Салдарынан 9-сынып оқушысы Асыл Тұрсынбай оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі orda.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сайт мәліметінше, жол апатын жасады деген күдікке ілінген Көксу ауылдық округінің әкімі әлі бостандықта жүр. Белгілі болғандай, көлік тізгінінде Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова болған.
Оқиға орнына келген жол полициясының қызметкерлері хаттама толтырғанымен, жол ережесін бұзушыны уақытша ұстау абақтысына қамамаған.
"2 қарашада 12 жастағы жасөспірімді Hyundai Creta көлігі басып кеткен. Көлікті 39 жастағы әйел басқарғаны анықталды. Жазатайым оқиға фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабында көзделген қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Шетелдік көлік арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Жол апатын тергеуді облыстық анықтау департаменті жүргізіп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61