Bugin
Фото: dzen.ru
Әр адам көбірек ақша тапқысы келіп, табысын молайтудың қамын ойлайды. Төмендегі суретке қарап, өзіңізге ұнайтын монетаны таңдаңыз. Bugin.kz порталы сізге қаржыны қалай арттыруға болатыны туралы "Инвестор-психолог" жазбасына сілтеме жасап, психологиялық талдау ұсынады.
Бірінші монета
Сіз ақшаңызды өте оңай бөлісесіз. Бай болу үшін сізге көп күш жұмсау керек. Қаржыға қатысты көзқарасыңыз бен ойыңызды өзгертуге тура келеді. Сіз тапқан ақшаңызды тек айлықтан-айлыққа жеткізгеніңізді қалыпты деп санамаңыз.
Екінші монета
Бұл суретті ақшаны үнемдеуді жақсы көретін адамдар таңдайды. Сіз ақшаның қадірін білесіз. Оны қалай басқару керек екенін де жақсы түсінесіз. Қарапайым өмір салтын ұстануға тырысасыз және оны оңды-солды шығындалмайсыз. Болашағыңыз үшін де ақша жинауды естен шығармайсыз. Егер осы қарқыныңыздан таймасаңыз, көп жетістікке жетесіз.
Үшінші монета
Сіз осы таңдауыңыз арқылы тұрақты қаржылай жағдайыңыз бар екенін көрсеттіңіз. Егер өмір сүру деңгейіңізге көңіліңіз толмаса, онда тағы бір қосымша табыс көзін табуыңыз керек.
Төртінші монета
Сіз табысыңызды арттыруға ұмтыласыз. Тіпті арнайы курстарға қатысасыз. Бұл таңдауыңыз бен ақшаға деген көзқарасыңыз өте жақсы. Ізденісіңізді әрі қарай жалғастырыңыз. Қазіргі таңда істеп жатқан әрекетіңіз жетістіктерге жол бастайды.
Бесінші монета
Өкінішке қарай қазір сізге іскерлік мүлдем жетіспейді. Өзгеруден қорқасыз. Осылайша көбірек табыс табу мүмкіндігінен айырасыз. Ақша туралы ойларыңыз бен көзқарасыңызға өзгеріс керек. Пайда әкелетін мүмкіндіктеріңізді ашыңыз, ішкі сеніміңізді арттырыңыз.
Алтыншы монета
Сіз ақшаны қалай басқару керегін білесіз. Әрине, барлық шешіміңіз дұрыс бола бермеуі мүмкін. Алайда соған қарамастан қаражат жағынан сауатты адамсыз. Ақшаны жақсы көресіз, оны үнемдеуге тырысасыз. Сіз оңай табыс табасыз және оны оңай жарата аласыз. Сол себепті қалтаңыздағы қаражатыңызды есептеуді үйреніңіз. Бұл дағдыны қолға алыңыз, жақында сізде қаржылай өсу болады!