МӘДЕНИЕТ

Күзде көруге арналған топ 5 фильм

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: bugin.kz / Айгерім Әділханова

Күз – атмосфераға толы ерекше мезгіл. Жаңбырлы әрі салқын ауа райында кино көріп, кешті көңілді өткізетін уақыт келді. Bugin.kz порталы ұсынған комедиялар, отбасылық драмалар мен романтикалық фильмдер сізге ұнайтынына сенімдіміз.

Өз киноқорыңызға қосып алуға болатын фильмдер топтамасы мыналар:

1. “Махаббат шегі” (“Les enfants des autres”). Өткен жылы Вирджиния Эфира түскен “Махаббат шегі” мелодрамасы Венеция кинофестиваліне ұсынылды. Рэйчел өз өмірі мен студенттерін, достарын және гитара сабағын жақсы көреді. Қырық жастағы кейіпкердің күйеуі, балалары жоқ. Ол Әлиді кездестірмес бұрын өз өміріне бәрі жеткілікті деп ойлайды. Ал Әлиге ғашық болған соң, оның төрт жасар қызына да жақын болады. Рейчел оған шын жүректен бауыр басып қалады. Бірақ ол баланың жүрегіне жол таба ма, жоқ па, белгісіз...

Фото:kinopoisk.ru. “Махаббат шегі” фильмінен кадр.

Фото:kinopoisk.ru. “Махаббат шегі” фильмінен кадр.
 
2. “Бері келші, сұлуым” (“She Came to Me"). Берлин кинофестивалінің шымылдығын “Маған келші, сұлуым” фильмі ашты. Басты рөлдерде Энн Хэтэуэй мен Питер Динклейдж ерлі-зайыпты адамдарды сомдады. Фильмнің басты кейіпкері – атақты композитор Стивен. Ол Нью-Йоркте атақ пен даңқ нұрына бөленіп, бақытты өмір сүріп жатты. Алайда Стивен өзінің соңғы операсын аяқтай алмай қиналады. Композитор шығармашылық дағдарысты басынан өткізіп, шабытын жоғалтып алады. Бұрынғы әйелі атақты психолог Патрисияның кеңесімен Стивен сол шабытты іздеуге шығады. Шабыт иесі –  әдемі Катрина болды. Бірақ Стивен ең бастысын білмейді. Катринамен кездесу кездейсоқ емес, Катрина Патрисияның клиенттерінің бірі. Бір күні ол сұлу әрі сымбатты Катринді кездестіреді. Сол күннен бастап Катрин  оның музасына айналады. 

Фото: kinopoisk.ru. “Маған келші, сұлуым” фильмінен кадр.

Фото: kinopoisk.ru. “Маған келші, сұлуым” фильмінен кадр.
 

3. “Құлау анатомиясы” (“Anatomie d'une chute). Режиссер Джастин Трие Хичкок стилінде заң бағытындағы фильм түсірген. Туындыда жазушы Сандра күйеуі Винсентті өлтірді деп айыпталады. Жалғыз куәгер – ерлі-зайыптылардың көру қабілеті нашар ұлы Дэниел. Жұбайлардың француз Альпі тауларында өмір сүргені сотта куәлік беруге қиындық туғызады. Себебі Сандра тек неміс және ағылшын тілдерінде сөйлейді. Бұл фильмде режиссер қарым-қатынастың оңай емес екеніне және кейіпкерлер арасындағы өзара түсіністіктің жоқ екеніне басым маңыз береді.

Фото: kinopoisk.ru. “Құлау анатомиясы” фильмінен кадр.

Фото: kinopoisk.ru. “Құлау анатомиясы” фильмінен кадр.

4. ““Цикадалар” ("Цикады"). Режиссер Евгений Стычкин бұл сериалда жасөспірімдердің өміріндегі түрлі өзгерісті ашып көрсетеді. Мектеп бітіру кешінде оқушылар оқыс оқиғаға тап болады. Сол күні кісі өлімі болады. Ал тергеуші не болғанын білу үшін жасөспірімдерден жауап алады. Бірақ тергеу жалғасқан сайын жағдай шиеленісе түседі. Бұрынғы мектеп оқушылары мен ата-аналарының көптеген құпиясы бар.

Фильм шытырман оқиғаға толы, композициялық құрылымы да ерекше.

Фото: kinopoisk.ru.“Цикадалар” фильмінен кадр.

Фото: kinopoisk.ru.“Цикадалар” фильмінен кадр.

5. “Тор құс іздейді” (“The Cage is Looking for a Bird”). Фильм – режиссер Малика Мұсаеваның дебюті. Яха есімді 17 жастағы бойжеткенді туыстары күштеп үйлендіргісі келеді. Алайда Яха тұрмысқа шығуға дайын емес болғандықтан, ол Шешенстаннан қашуға бел буады. Қиын жағдайға ұшыраған қыз бұл азаптан құтыла ала ма, туыстары қандай әрекет етті деген сұрақтардың жауабы қызық болса, фильмді көріп шығыңыз.Фото: kinopoisk.ru. “Тор құс іздейді” фильмінен кадр.

Фото: kinopoisk.ru. “Тор құс іздейді” фильмінен кадр