Bugin

Өгей анасы өлтірген 7 жасар қызға байланысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pixabay.com

Алматылық әйел жеті жасар өгей қызын өлтірді деп айыпталып жатыр, деп bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, оқиға шамамен бес ай бұрын 10 шілдеде Балжан Тұрлыбектің пәтерінде болған. 49 жастағы өгей шешесі жуынатын бөлмеде кішкентай Каринаның басын қабырғаға ұрған. Баланың миына қан құйылады. Содан кейін ол қыздың әкесін шақырған. Ер адам жедел жәрдем шақырғанымен, кеш болған.

Сотталушы қоғам белсендісі болған. Айыпталушының 27 жастағы ұлы бар. Әйел Каринаның әкесімен азаматтық некеде тұрған. Баланың әжесінің айтуынша, әкесі бәрін білген. Өгей анасының қызын ұрғанына немқұрайлы қараған.

“Менің талабым – оны өмір бойына түрмеге отырғызу. Төрт ай қызды қорлады, содан кейін өлтірді. Оны өмір бойына жазалағанын қалаймын. Әкесі де қорлады. Қазір ол бостандықта жүр. Үйсіз-күйсіз, ішімдікке салынған”, – деді Каринаның әжесі Елена Закураева.

Күдікті алқабилер сотынан бас тартып, журналистердің қатысуына қарсы болған. Ол адам өлтіргені үшін 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.