Bugin

Алматыда жүргізушілер арасындағы жанжал нокаутпен аяқталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Алматы орталығында екі жүргізуші арасындағы кикілжің төбелеске ұласып, соңы нокаутпен аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Оқиға Назарбаев даңғылы мен Сәтбаев көшесінің қиылысында болған. Жүргізушілердің бірі қарсыласын оңдырмай соғып, есінен тандырып тастайды. Төбелесті куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Кадрларда ер адам қалай жерге құлап түскені, кейін екіншісі оған көмекке асыққаны көрінеді.

Tengrinews.kz редакциясы пікір алу үшін қалалық полицияға жүгінген. Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды.

"1988 жылы туған М.-ның жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды Қазіргі уақытта шабуылдаушыны анықтау және оны ұстауға бағытталған шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Одан кейін сот өндірісінің материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Видеоны толық осы сілтемеден көре аласыз.