Bugin

Боранбаевтың түрмедегі туған күні: жезөкше қызметі мен ішімдікке рұқсат берген кім?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: instagram.com/kairat4

Қайрат Боранбаев қамауда отырған кезінде ұялы телефонды заңсыз пайдаланған. Туған күнін ішімдікпен атап өтіп, жезөкше қызметін де пайдаланған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бұл оқиғалар Боранбаевтың жиені Әбілхан Боранбаев құқық қорғау органының қызметкеріне пара бергеннен кейін орын алған.

Қылмыстық істің құжаттарынан Әбілханның нағашы жұртының интимдік қызмет ақысын төлегені анықталды. Нақтырақ айтсақ, 2022 жылдың 22 қыркүйегінде Қайрат Боранбаевты АФМ-нен тергеу изоляторына барар жолда белгіленген маршруттан шығып, интимдік қызмет көрсететін әйелді күтіп алу үшін Астанадағы "Нұр" дәмханасының жанына тоқтаған. Куәгердің айтуынша, Әбілхан Боранбаев Қайрат пен қара джип мінген әйелдің кездесуін ұйымдастырған және интим қызметі үшін ақшалай сыйлық берген.

2022 жылы 17 наурызда Қайрат Боранбаев мемлекеттік секторда ірі көлемдегі ұрлық жасады деген күдікпен екі айға қамауға алынды. Артынша оның қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Қыркүйек айының соңында тергеу қорытындысы бойынша Астананың Сарыарқа аудандық соты Боранбаевты мүлікті жымқырды және ақша ұрлады деген айыппен түрмеге қамауға үкім шығарды. Осы үкімнен кейін Қайрат Боранбаев мәлімдеме жасап, 31 наурызда үкім жойылды. Алайда Астана қалалық сотында өткен апелляциялық сот отырысында ол ақша ұрлау ісі бойынша кінәсін мойындады. 15 қыркүйекте жаңа үкім шығарылып, бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығын шектеуге ауыстырылды.