Bugin
Фото: pexels.com
Костенко шахтасында қаза тапқан соңғы кеншінің денесі табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
6 қараша күні кешке тау-кен құтқарушылары жақында ғана апат болған Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадан 46-шы кеншінің денесін тапты. Оны құтқарушылар шамның батареясындағы жеке нөмірі арқылы таныған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.
Әкімдіктің хабарлауынша, кеше кешке Костенко шахтасында тау-кен тазарту кеншісі Александр Прокудиннің денесі табылды. Ол - Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқан 46-шы кенші.
"6 қараша күні сағат 20:00-де Костенко атындағы шахтадан қаза тапқан 46-шы кеншінің денесі табылып, жер бетіне көтерілді. Тиісті сараптамалар жүргізілді. Іздестіру жұмыстарына "Кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді",-деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігі.