Bugin

Семей орманын белгісіз біреулер өртемек болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Абай облысының прокуратурасы "Семей орманы" МОТР" РММ алқабын өртеуге арналған дайындамаларға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған дайындамаларды уәкілетті орган "Семей орманы" МОТР" РММ-нің Семипалатинск филиалының Краснокордон орманшылығы аумағында рейдтік іс-шаралар барысында тапқаны белгілі болды.

“28 қазанда №172 және  №1175 кварталдарында "Қарағай" тұқымдас ағаштардың  астында 3 дана "Шатыр" тәрізді құрылыс дайындамалары және бірнеше дана дөңгелектен құрсым орнатылды, осындай факт қарашада №1 кварталда табылды, олар сол жерде дереу бөлшектелді”, – деп мәлім етті прокуратура.

Ведомство қазіргі уақытта Семей қаласының полиция басқармасы анықтаған дайындамалар фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.