Bugin

Алматыда жігітті соққыға жығып, артынша көлікпен қағып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Алматыға қыдырып келген жігіт табытпен оралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, бұзақыларға кезіккен 27 жастағы азамат алғашында қашпаққа бекінген. Бірақ соңынан қуып жеткен бірнеше жігіт оны соққыға жығып, жол ортасына тастап кеткен. Ес-түссіз жатқанында көлік қағып, жүргізуші де оқиға орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші көз жұмды. 

Оқиға ай бұрын Алматыдағы Райымбек көшесінде болған. Таңғы уақыттағы жанжал бейнекамераға жазылған. Бір топ жігітке тап болған 27 жастағы азамат алғашында қашуға бекінгені көрінеді. Көшедегі көліктен көмек сұраған. Бірақ ешкім жәрдемдеспеген. Бұзақылар қуып жетіп, соққыға жыққан. Жол ортасына тастап кеткен.

Алғашында соққыға жыққандар қамауға алынған. Туыстарының сөзінше, көп ұзамай бостандыққа шығарыпты. Ал оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісі үйқамақта екен.

Полиция департаменті осы оқиғаға қатысы бар екі күдіктінің үстінен бірнеше қылмыстық істің қозғалғанын мәлімдеді. Қалғандарының ісі тексеріліп жатыр.