Bugin
Фото: pexels.com
Ішкі істер министрлігі шетелдік көліктерді заңдастыру науқанының аяқталуына екі айдан аз уақыт қалғанын ескертті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Биыл 23 қаңтар мен 30 маусым аралығында Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыргүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінім қабылданған болатын. Барлығы 237 мыңнан астам шетелдік автокөлік заңдастырылды.
Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Алтынбек Жамалиевтің айтуынша, 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін заңдастыруға берілген өтінімдер осы жылдың 31 желтоқсанына дейін ғана қаралады.
"Бүгінде нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізіліп жатыр. Яғни шетелдік автокөліктерді заңдастыруға екі айдан аз уақыт қалды. Уақыттың шектеулі екенін ескере отырып, біз автокөлік иелерін заңдастыру процесін аяқтауға және көлік құралдарын тіркеуге шақырамыз", – дейді Жамалиев.