Bugin
Фото: КТК арнасының сюжетінен скриншот
Алматы облысында 2-сынып оқитын қызды 49 жастағы көршісі зорламақ болған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қыздың анасы көршісі баласын тәтті беріп алдап, үйіне апарғанын айтады. Қыздың досы дабыл қағып, есіктерді қағып, көмек шақырған. Нәтижесінде ересектер естіп, кішкентай қыз құтқарылған. Баланың ата-анасы полицияға арызданған. Күдікті қамауға алынды.
Оқиға Ақсеңгір ауылында болған. Зардап шеккен қыздың ата-анасының айтуынша, балалар үйден алыс жерде ойнап жүрген. Бір кезде көшеге көршісі шыққан.
"Көрші қызымды үйіне шақырды. Алма, кәмпит, шоколад беремін дейді. Ал екінші қызға сыртта тұр депті. Баламды қолынан ұстап, жатын бөлмеге алып барған екен. Қызымді тізесіне отырғызып, жыныс мүшесін тақап тиісе бастаған. Сосын шалбарын шешіп, менің мүшемді қарағың келе ме деп сұрапты. Қызы жоқ деп жауап берген. Сосын шалбарын кигізіп, сипалауын жалғастырған. Қызымның құрбысы болмаса, не боларын елестетуден қорқамын", - дейді қыздың анасы.
Анасының айтуынша, сыртта қалған досы есікті қағып, үлкендерді көмекке шақырған.
"Ер адам шошып кеткен сияқты. Балаға алма беріп, үйінен шығарып жіберіпті", - дейді анасы.
Жергілікті тұрғындар көршісінің бұған дейін де балаларға тиіспек болғанын алға тартады. Өткен жылы ол үш оқушы қызды зорламақ болған. Ол ситуацияда баларды ересектер құтқарып қалыпты. Жасөспірімдердің ата-анасы ол кезде ауылдасын кешірген екен.