Bugin

Айықпайтын дертін қасақана жұқтырған адамға қатысты сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pinterest.com

Қарағанды ​​облыстық соты бүгін Теміртау қаласының екі тұрғынына адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ) қасақана жұқтыру ісі бойынша апелляциялық шағымды қарады. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, ер адам өз денесінде АИТВ-инфекциясы бар екенін анық біле тұра, серіктестерімен 10 жылдан астам жыныстық қатынаста болған. Әйелдерге ауруы туралы хабарламаған, контрацепция қолданбаған. Осы уақыт ішінде сотталушы екі рет үйленіп үлгерген. Соңғы әйелі ауру жұқтырғанын тек жүкті болған кезде, медициналық тексеру кезінде білген.

Іс бірнеше ай бойы Теміртау қалалық сотында қаралды. Фемида өкілдері ер адамды осы аурумен ауырғанын біліп, басқа адамға ВИЧ жұқтыру бойынша кінәлі деп тапты. Ол 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын орташа режимдегі колонияда өтейді. Алайда сотталушы судьяның шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсіруге шешім қабылдады. Апелляциялық сот өз кезегінде үкімді өзгеріссіз қалдырды.