Bugin

Жамбыл облысында мектеп оқушылары жаппай уланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото:gov.kz

Жамбыл облысында мектеп оқушылары жаппай уланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қарашаның 7-сі түстен кейін Сарыкемер ауылындағы Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысының әлсіздік және құсу  тіркелген. Республикалық және облыстық орталықтағы анестезиологтар, педиатрлар, токсикологтар, инфекционист мамандардан комиссия құрылды.

"Сағат 23:00-ге дейін өтініш білдіргендердің жалпы саны 46 адамды құрады (оның ішінде 2 мұғалім, 44 бала). 46 адамның 35-і ауруханаға жатқызылды. Олардың жағдайы орташа, тұрақты. Ауруханаға түскендерге детоксикация терапиясы жүргізілді. Дәрігерлік кеңес алғаннан кейін 13 адам амбулаторлық емдеуге және бақылауға жіберілді. Антибиотикалық терапия қажет емес", - делінген хабарламада.