Bugin

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болатыны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 9-11 қарашада ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте барикалық түзілістердің жылдам өзгеруіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. 9 қарашада оңтүстікте, 10 қарашада батыста қатты жаңбыр жауады. 9-10 қарашада оңтүстік-шығыста, 11 қарашада шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі делінген. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ күтіледі.

"Күздің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 2 градус суықтан 3 градусқа дейін, таулы аймақтарда 5-10 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада. дейді.