Bugin
Фото: © Sputnik / Тимур Батыршин
Қазақстанның 18-25 жас аралығындағы жеті азаматы Ресей абақтысында отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы azattyq.org сайтына сілтеме жасап.
Көбі Красноярск қаласына жұмыс істеуге барып, көп өтпей шетінен ұсталған. Бәріне полиция "есірткі тасыды" деп айып таққан. Қазір олар үкім шыққанын күтіп отыр. Кейбіріне түрмеде Украинадағы соғысқа бару туралы ұсыныс жасалған. Олар Қазақстан билігінен араша сұрап отыр.