Bugin
Фото: primeminister.kz
Экс-вице министр Сәрсен Құранбек Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ы Bugin.kz порталы.
2023 жылдың ақпан айынан бастап мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған. Ол 2020 жылы өмірден өткен танымал журналист Бейсен Құранбектің туған інісі.
Сарсен Құранбек 1976 жылы Жетісу облысында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, Қазақтың спорт және туризм академиясын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы «№ 4 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» МКҚК жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2002-2004 жылдары – «№15 балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы» МКҚК директоры.
2004-2007 жылдары – «№ 4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК директоры.
2007-2009 жылдары – «Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бастығының орынбасары.
2009-2010 жылдары – «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары.
2010-2011 жылдары – «Қысқы Азия ойындары мен Олимпиада алауының эстафетасы жөніндегі қалалық дирекциясы» МКК директорының орынбасары.
2012-2014 жылдары – «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры» қоғамдық қорының атқарушы директоры.2014 жылы «ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі» ММ төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2014-2018 жылдары – «ҚР Qazaq kuresi Федерациясы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ Бас хатшысы.
2018-2022 жылдары – «Қазақстан шөген федерациясы» қауымдастық нысанындағы ЗТБ Бас хатшысы.
2022 жылы «Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы» қауымдастық нысанында ЗТБ бас директоры қызметін атқарды.