Bugin
Фото: t.me/mazhilis_kz
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров көпбалалы отбасыларға жәрдемақыны көбейту туралы ойын айтты. Бұл туралы bugin.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Көпбалалы отбасыларды мемлекет қамқорлығына алып, жәрдемақыны көбейту керек. Сондай-ақ біз бұрыннан бері Үкімет 3 баладан көп баласы баласы бар аналарға жалақы төлеу керек екенін айтып жүрміз. Өйткені, олар жұмыс істеп отыр. Тәрбиеші болып Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеп отыр", - деді депутат.
Сонымен қатар Ерлан Сайыров Ұлттық қордан балаларға аударылатын қаржы мөлшерінің аз екенін және ата-аналарды жұмыспен қамту қажетін айтты.
"Қазіргі таңда Ұлттық қордың біршама қаржысы балалардың есепшотына аударылып жатыр. Бірақ бұл – өте аз. Бірақ, өзіміз болашақта тәуелсіздік эстафетасын алып жүретін балаларды тәрбиелейміз десек, олардың ата-анасына жағдай жасау керек. Сол үшін балалардың ата-анасын жұмыспен қамту, жәрдемақыны көбейту, қоғамдық қорлар арқылы көмек көрсету ісін жолға қою керек", -деді ол.
Депутат биыл ел халқының 1 млннан астамы кедей санатына кіргені жөнінде айтты.