Bugin

Атырауда көлік қаққан алты жасар баланың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Атырауда 30 жастағы әйел мен 6 жасар қызды көлік қағып кетті. Зардап шеккен қызға ота жасалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған ақпаратқа қарағанда, 7 қарашада кешкі сағат 18:00 шамасында Volkswagen Caddy автокөлігі екі адамды қағып кеткен. Сондай-ақ екі көлікке материалдық шығын келген. 

"Атырау қаласындағы З.Қабдолов көшесінде жаяу жүргіншіге арналмаған жолақтан өтіп бара жатқан әйел мен жасөспірімді көлік қағып құлатқан. Жол-көлік оқиғасынан 30 жастағы әйел мен 2017 жылғы қыз зардап шекті. Оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем бригадасы зардап шеккендерді облыстық ауруханаға жеткізді", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.