Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
Ер адам бірге тұрған әйелді зорлап, ұрып өлтірген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Қостанай облысы Федоров ауданының тұрғыны қатыгез қылмысы үшін 10 жылға сотталды. Ол қайтыс болған әйелмен бірге тұрған. Екі айдан кейін қайта кездескенде тағы ұрсысып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталады. Ер адам әйелді алдымен металл затпен ұрып өлтіріп, аяусыз зорлаған. Арам ойын жүзеге асырған соң алаңсыз ұйықтап қалған. Таңертең танысына хабарласып, болған оқиғаны баяндаса керек.
"Федоров аудандық сотының үкімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Және жәбірленуші тараптың 3 миллион теңге көлеміндегі моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап арызы толығымен қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді", дейді облыстық сот баспасөз қызметінің бас маманы Ләззат Байғожина.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61