Bugin
© Photo : Пресс-служба Федерации карате Казахстана
Алматыда WKF каратэден жасөспірімдер мен жастар арасында XXI Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстандықтар 24 медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарысқа барлығы 30 елден 600 татами шебері қатысты. Қазақстан құрамасының қоржынында сегіз алтын, бес күміс және 11 қола медаль бар.
"Спортшыларымыздың Ханчжоудағы әлем чемпионаты мен Азия чемпионатында көрсеткен нәтижелері Қазақстан құрамасының тек біздің құрлықта ғана емес, әлемде де жетекші орынға ие екенін дәлелдеді", - деді федерация вице-президенті Болат Хавлахат.
Жапондық каратэшілер үздік өнер көрсетті. Олардың еншісінде 14 алтын, бес күміс және төрт қола бар. Үздік үштікті Иран құрамасы түйіндеді.
Жарыстың соңғы күнінде кумитеден Диас Анарбеков (84 келіден жоғары), Биғабыл Жоламан (55 келі), Ақниет Шеризат (50 келі) және Белла Самашева (55 келі) чемпион атанды. Күміс жүлде Асқар Сапарғалиев (87 келі) пен Даяна Даренскаяға (68 келі) бұйырды. Ал Никита Тарнакин (84 келі), Николь Цэнгэл (61 келі) және Венера Жақсыбаева (68 келіден жоғары) қола жүлдені жеңіп алды.