Bugin
Фото: www.istockphoto.com
«Белая Казарма» аялдамасының маңындағы темір жол бойында 7 қарашада оқыс оқиға болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме беріп хабарлайды.
Жедел жәрдем оқиға орнына бес минуттан кейін жеткен. Анықталғандай, 33 жастағы ер адамның аяғын пойыз басып кеткен. Сол жерде дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі:
"Жәбірленушінің жағдайы ауыр, ол көп қан жоғалтып, есінен танып қалды. Травматолог, реаниматолог, нейрохирург және анестезиолог бар дәрігерлер бригадасы шұғыл ота жасады. Оның аяғын кесуге тура келді. Қазір науқастың жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып, палатаға ауыстырылды", - деді.