Bugin
Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 80 доллардан төмен түсті. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстерінің бағасы Астана уақытымен 08:47-дегі сауда деректері бойынша 2,19 пайызға төмендеп, барреліне $79,82 құрады.
WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 2,26 пайызға арзандап, барреліне 75,62 долларды құрады.
Бұған дейін Brent маркалы мұнай бағасы 4,12 пайызға арзандап, барреліне 81,67 долларды құраған еді.