Bugin
Коллаж Qaz365.kz
Экс-депутат, қоғам қайраткері, бүгінде Түркияда тұрып жатқан әнші Бекболат Тілеухан Парламент мәжілісінің депутаттарын популист деп айыптады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
"Өмірі болмайтын түсінікті нәрсе. Ашық популизм. Аңғал жұртты (...) . Ринат Зайытов, Ермұрат Бапи, Нартай Аралбай – популист, өте популист. Көріп отырсың ғой. Жалақының өмірі 300 мың теңге болмайтыны түсінікті ғой (Ринат Зайытов бұған дейін Қазақстандағы ең төменгі жалақы 300 мың теңге болуы керек деген еді). Өмірі болмайды ғой", - дейді журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында.
Сұхбаттың үзіндісін бөліскен Нұрсейіт Жылқышыбай "біраз сұрақ қойылды.... Сұхбатты күтіңіздер, достарым" деп жазба қалдырған.
Еске сала кетейік, Қаңтар оқиғасы алдында Мәжіліс депутаты болған Бекболат Тілеухан қызметін тастап, Түркияға кеткен еді. ОСК мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, депутаттың өзі кету туралы өтініш берген.
"Артық айтқан сөзім болса, кейбір әріптестерімнен кешірім сұраймын", – деді Тілеухан мәжіліс жиыны кезінде.
Содан бері экс-депутат елге сирек келеді.