Bugin
Sputnik / Табылды Кадырбеков
Жетісу облысы, Сарқан ауданында математика пәнінің мұғалімі өз шәкіртін зорлады деген күдікке ілінген. Ол екі күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы sarkan_polise инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желідегі пікірлерге сүйенсек, күдікті 10 жыл бойы Сарқан қаласындағы мектептердің бірінде мұғалім болып жұмыс істеген. Күдіктінің жасы 35-те. Одан бөлек ол зорланған 14 жастағы ұлдың жездесі деген деректер де кездеседі. Бірақ бұл мәліметтерді арнайы органдар растаған жоқ.
Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, Сарқан қаласына кіретін көшелер жабылып, көліктерді қатаң тексеруден өткізіп кіргізеді. Қазір Сарқан құқық қорғаушылар оны іздестіруде.
"Іздеу жалғасуда. Қалалық полиция қандай да бір ақпарат алған жағдайда дереу Жетісу облысының Сарқан АІІБ-нің кезекші бөліміне мына телефондар арқылы хабарлауыңызды сұрайды: 8 (72839) 2-15-30, 87719787614", - делінген хабарламада.