Bugin

Оқушысын зорлады деп күдікке ілінген мұғалім жайлы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz оқырманынан

Оқушысын зорлады деп күдікке ілінген мұғалім ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Оқырманымыздың редакцияға жолдаған мәліметіне сүйенсек, күдікті бүгін ұсталған. 

Ақпаратты нақтылау мақсатында редакция тілшілері Сарқан аудандық полиция департаментіне хабарласты. Олар бұл мәселе жөнінде жауап бере алмайтынын айтып, Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеді. 

Ал Жетісу облыстық полиция департаменті телефон қоңырауына жауап бермеді.