Bugin

"Жүрсін ағам жарқырап жүре берсін": Өзі жайлы арнауды естіген Жүрсін Ерман жылап қалды (видео)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

“Алтын домбыра” иегері Аспанбек Шұғатаев және бір топ айтыскер ақын Жүрсін Ерманның үйіне барып, ақынның жағдайын сұрады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды. 

Ақындар “Жеті ханды жетектеп жүріп таққа отырғызған, Бұқар жырау атамның жасына жетіңіз”, – деп арнау айтты. 

Айтыстың жүгін сүйреген ақын ағасы да Аспанбекті мақтады.

“Бір күнде үш-төрт айтысқа қатысса да арқасы қозатын, шаршамайтын ақын. Төсін жазып, ұзақ шабатын жүйрік айтыскерлердің бірі. Халықтың көкейіндегі мәселені дөп басатын қасиетін ерекше бағалаймын. Айтыссүйер ағайын Аспанбекті іздейді. Халық барда – сен барсың”, – деп жылы лебізін білдірді. 

Желі қолданушылары арнау тыңдап отырған аңыз адамның көзі жасына ерік бергенін байқаған. “Қанша ғұмыры қалды дейсің”, “Көз алдынан өткен өмірі келген шығар”, “Айтысты жүргізіп, сахнаға шығатын кезін сағынған болар” деген сыңайда пікір жазушылардың қарасы көп. 

Видеоны осы сілтемеден көре аласыздар.